пятница, 26 мая 2017 г.

Ерлік елге-үлгі, ұрпаққа ұран!

Ұлы кешке сенген күн,
Фашистерді женген күн.
Ағаларға ерген күн,
Бақыт гүлін терген күн — деп ақын Қадыр Мырза Али жырлағандай
9-мамыр Жеңіс күні-бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.Қалалық кітапханамызда «Ерлік елге-үлгі, ұрпаққа ұран!» атты тақырыпта кітап көрме ұйымдастырылды.
Кітап көрменің мақсаты: келешек ұрпақты Отанын сүюге, қорғауға , Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты елжанды-ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу .
«Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Бұл сөздер мереке кезінде жиі естіледі.Ерлікпен қаза тапқан ерлердің ескерткіштерінде бұл сөздер таспен қашалып, ойылып жазылған. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған , ерлікпен қаза тапқан аталарымыз бен апаларымыздың рухына құрметпен бас иеміз.Кітап көрмеде Ұлы Отан соғысы жылдары қан майданда шайқасқан соғыс ардагерлеріне арналған кітаптар қойылды.





                                                                             



Комментариев нет:

Отправить комментарий