вторник, 10 апреля 2018 г.

Жырлаймын туған елімді

С.Сейфуллин атындағы кітапханада жергілікті ақын Аманбай Баймышевтің « Жырлаймын туған елімді» кітап тұсаукесері өткізілді.
Қазақстан рухани жаңғырудың даңғыл жолына түскен уақытта аймағымызда жарық көрген кітапта автор өмір өткелдері мен өрнектерін, ел мен жер тарихын, ел бірлігін, тәуелсіздік тақырыбын тебірене толғап және етене жақындарына өзінің жүрекжарды сезімдерін арнаған.Өлеңдерінің дені өзінің  туып – өскен жерінің азаматтарына арналған.Шарада қалалық кітапхананын кітапханашылары, ұстаздар, оқушылар «Жырлаймын туған елімді» кітабында жарық көрген өлеңдерін оқып, жас ақын Артықбаев Жалғас ақынға арнап жазған арнау өлеңін оқыды.Кітаптың таныстырылымының соңында кештің басты кейіпкері А. Баймышев жиналған қауымға өз рахметін айтып, өз өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеп, өлеңдерін оқып, кітабының жазылу тарихына тоқталды. Одан кейінгі сөз кезегі келген қонақтарға Т.Ілиясов, Ж.Жетімек, Ш. Рсалдин өздерінің ақжарма тілектерін жаудырып, бірге өткерген кездерінен естеліктер айтты. Кеш соңында жырсүйер қауым ақынмен естелікке суретке түсіп,  өр тұлғалы ағамызбен кездесу дәл осындай естеліктерге толы болды.

Комментариев нет:

Отправить комментарий