вторник, 24 апреля 2018 г.

Алтын формуляр

Халық даналығында «Кітап - білім бұлағы» деген сөз бар. Осы сөздің астарында терең мән жатыр. Шынымен де білімнің бастауы кітапта. Өзін дамытып, терең білім аламын деген адам кітапқа жүгінеді.
Кітап жүректі үлкейтетін, жанды тазартатын, сананы көркейтіп, адамның рухани шөлін қандырар қайнар көзі. Ақынды ақын еткен де, жаманды жақсы еткен де кітап. Ал кітап пен оқырман арасын жалғап тұратын көпір, бұл – кітапхана. Дниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай С. Сейфуллин  атындағы кітапханада, көп жылдар бойы адал дос болып  келген  сүйікті  оқырмандарымызды , ең үздік оқырмандарды  алғыс хаттармен марапатталды. Кітапхана директоры К.Көшкінбаева  оқырмандар арасында 681 кітап оқыған оқырманымыз Ребристой Альбина, 350 кітап оқыған кітапханаға үнемі қолдау білдіріп , шабыт беріп, үлес қосып жүрген өнегелі әже Омарова Айнагүл , Жақаев Ерғұлан, Меньшикова Наталья, Иманберлина Мереке, Көшжанова Дина оқырмандарымызға  алғыс хаттар тапсырды.  Әліппеден әріп танып, білімнің сан түрлісін игеріп, тұлға ретінде қалыптасуға рухани азық беретін «кітап» атты киелі ұғым тарихтардың жалғасы, мәдениеттіліктің мәртебесі, тәрбиенің ұтымды құралы болып табылады. Сондықтан осы Дүниежүзілік кітаптар күнін жыл сайын атап өту кітапхананың дәстүріне айналған. Кітапхана халық қажетіне жарап, ғасырлар бойы жасамақ. Осы құндылығымыз ешқашан жоғалмай, келешек ұрпақ асыл қазынамыздан нәр алып, сусындай берсін деп оқырмандарымыз тілек білдірді.

Комментариев нет:

Отправить комментарий