1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіyне орай «Қазақстан – достық мекені» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, саябақта ақпараттық сағат өткізілді.
Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Олардың
салт-дәстүрлері, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасалған.
Көрменің мақсаты оқырмандарға көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар
достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның
рухани байлығының негізін өскелең ұрпақ жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле
отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрмеге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік ел»,
«Тәуелсіздік белестері», «Қазақстан халықтары Ассамблеясының 1-10
сессияларындағы баяндамалары жинағы» т.б кітаптар қойылды.
Комментариев нет:
Отправить комментарий